Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8-702-344-32-74
8-702-787-57-49
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Сұлу апа» бөбекжай - балабақшасы жеке мекемесі

Пәндік дамытушы орта

Мектеп кедейінгі ұйымда оқу – тәрбие жұмысының бастышарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады. Дамыту ортасы деп пайдалы ұйымдастырылған, әртүрлі материалдар мен толықтырылған, арнайы жабдықталған жайлы жағдай дептүсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық шығармашылық іс – әрекетке бір уақытта белсенді араластыруға болады. Ортаны құрудың анықтаушы сәті педагогикалық пікір, мақсат болып табылады. Бұл мақсатқа жету таңдаған білім беру бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Дамыту ортасын құра отырып, біз топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз. Жасы, даму деңгейі, білімділігі, қызығушылығы, қабілеті, құрамы т. б.
Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
 
1) Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өзбетімен мақсатқа бағытталған белсенді іс – әрекетке жағдай жасалған (ойын, бейнелеу, сахналау)
2)Даму ортасындағы пәндердің жан - жақтылығы, топтың ішінде қажетті балаларға оның дамуына қажетті ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс.
3) Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құрылған.
4)Дамыту ортасындағы пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі үш қажеттілігі бар. Қозғалыста, қарым - қатынаста,танымдық.
5) Барлық жас ерекшелігіндегі топтарда демалуға жайлы орындар белгіленген.
Біздің балабақшада мектепкед ейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс – әрекетәр бір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші де, соншалықты ақыл – ойы дамыған, сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Пәндік дамыту ортасы мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға мүмкіндік береді.
Балалардың дамыту ортасыОЙЫН ОРТАСЫ
Біздің балабақшада сюжетті – рөлдік ойындарға арналған бұрыш бар. Мұнда әртүрлі аңдардың, жан – жануарлардың бет перделері жинақталған. Бұрыштағы заттарды көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында пайдаланылады. Нәтижесінде баланың ұйымдастырылған оқу қызметке деген қызығушылығы оянды.

  • Сюжетті — рөлді койындарға арналған ойын құралдары:
  • Көп жақты текше;
  • Үлгілер (үй, гараж, карта - кесте, ойын аймағы және шымылдық);
  • Шағын көлемдегі кейіпкерлердің жиынтығы;
  • Ертегілердегі жануарлар.